Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында дәрігерлер пациенттерді Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғымен емдейді.
«Арыс Мт» құрылғысы бір қарағанда үлкен әуе ұшағына ұқсайды. Барокемара ішінде күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабеті сынды сырқатқа шалдыққан пациенттерге терапиялық емдеу жұмыстары жүргізіледі. Оттегімен қамтамасыз ететін кешеннің ішінде хирургиялық ем жасауға да болады.
Бұл кешен екі блоктан тұрады. Бірінші блокта емдеу, екіншісінде операция жасауға болады.