about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының 2021 жылы қаңтар айына пациенттердің құқығын қорғау мақсатында көрсетілген медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг бойынша

Медициналық қызметтің сапасын мониторингтеу бөлімінің қызметі пациенттің құқығын қорғауға…

14, Маусым 2021

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы (әрі қарай -Филиал) 2021 жылға  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  114 денсаулық сақтау субъектілерімен  (2020ж.-109) медициналық қызметтерді сатып алуға шарт жасалған, оның ішінде 79 – 72,4% жеке меншік медициналық мекеме (2020 г.- 77).

Медициналық көмек көрсететін 114 денсаулық сақтау субъектісімен 321 шарт жасалған, оның ішінде: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде -172 шарт, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аясында -149 шарт жасалған.

Медициналық қызметтің сапасын мониторингтеу бөлімінің қызметі пациенттің құқығын қорғауға, бекітілген Стандартқа сай медициналық көмек  көрсетілуін және оның сапасын жаксартуға бағдарланған.

Филиал сарапшылары мониторинг жүргізу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде енгізудің өзекті сұрақтары бойынша, медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсарту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында ішкі аудит қызметі бойынша жауапты мамандарға бөлім сарапшылары үнемі әдістемелік көмек көрсетеді.

Сонымен бірге,  Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 2020 жылғы 07 желтоқсанындағы редакциясына сай, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер тізімі мен бүйрықтар жүктемелері  медициналық қызмет көрсетуші   ұйымдарға жолданды.

Одан бөлек, мониторинг барысында 2021 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай,  медициналық қызмет көрсетуге Филиалмен шарт жасасқан мекемелерге мониторинг жүргізу тәртібіндегі өзгерістер түсіндірілді.

Мониторинг жүргізу барысында Филиал  мамандары медициналық қызметтер берушінің медициналық құжаттарының сәйкестігіне, өндіріс базасына, медициналық құрал жабдықтардың, медициналық қызметкерлердің біліктілігіне және  сатып алуга ұсынған құжаттардың сәйкестігіне, медициналық қызметтің  сапасы мен көлеміне күнделікті, жоспарға сай,  белгілі бір медициналық қызметтер бойынша нысаналы  және арыз -шағым болған ағдайда  жоспардан тыс   мониторинг жүргізіледі.

Филиалдың филиалы медициналық қызметтің сапасы мен көлемі бойынша сатып алу шартында айқындалған міндеттемелерге күнделікті мониторинг жүргізу нәтижесінде стационарлық көмек көрсету медициналық мекемелер бойынша  1274 ақау анықталып, 64 000774,14 тенге құны төлемнен шегерілген.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша  медициналық қызмет ұсынушылар  жүйелі сипаттағы кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен бірге және денсаулық сақтау субьектілерінің материалды -техникалық жабдықталуы, мамандардың дайындығы және төсек қорын бөлуде басым бағытты ескеріп көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жолданады.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Центр гипербарической оксигенации имени Т.Орынбаева"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, улица Жумадилла Алдияров, здание 60А

orinbaeva@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 57-14-24
Медициналық мекеменің байланыс орталығы