about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Шымкентте 55 мың адам компьютерлік томографиядан өткен

Шымкент қаласында жыл басынан бері 55 мыңға жуық адам КТ зерттеуінен өткен.

13, Қазан 2021

Шымкент қаласында жыл басынан бері 55 мыңға жуық адам КТ зерттеуінен өткен. Олардың басым бөлігі пневмонияға шалдыққан және коронавирус диагнозы расталған науқастар. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Компьютерлік томография аппараты қаладағы 21 медициналық ұйымда бар. Ал, қалалық инфекциялық аурухана мен №2 және №3 ауруханаларда КТ аппараты тәулік бойы жұмыс істейді.

Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде зор септігін тигізеді. КТ-диагностикасы дәрігерлердің патологияның бар-жоғын 100 пайыз дәлдікпен анықтауға, емдеудің тиімді тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде дәрігерлеріміз науқастарға емдеудің тиімді тактикасын қолдана отырып, өкпенің зақымдану пайызы 80-90 ға жеткен азаматтарды жазып шығаруда.

Компьютерлік томография (КТ) – әртүрлі ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістерінің бірі. Бұл зерттеу әдісінің негізі рентген сәулелерінің әрекеті болып табылады. Құрылғы пациенттің айналасында айналады және бірнеше суретке түсіреді, оны компьютер өңдейді және дәрігер қорытындылайды. Компьютерлік томография адамның ішкі ағзалары мен тіндерінің ауруларын диагностикалау үшін жүргізіледі.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Центр гипербарической оксигенации имени Т.Орынбаева"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, улица Жумадилла Алдияров, здание 60А

orinbaeva@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 57-14-24
Медициналық мекеменің байланыс орталығы