Миссия және құндылықтар
МИССИЯСЫ
11. Кәсiпорын қызметiнiң мәнi денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
12. Кәсiпорын қызметiнiң мақсаты амбулаториялық-емханалық, стационарлық және консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету болып табылады.
13. Қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн Кәсiпорын медициналық және дәрігерлік қызметке берілген мемлекеттік лицензияға сәйкес қызмет түрлерiн жүзеге асырады.
14. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
15. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі Кәсіпорынның Уәкілетті органының және/немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органының, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Байланыстар
ГКП на ПХВ "Центр гипербарической оксигенации имени Т.Орынбаева"Мекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, улица Жумадилла Алдияров, здание 60А
orinbaeva@shymzdrav.kz