about us icon Біз туралы

Басшылық

head doctor photo

Мадина Сейфуллаевна Ермаханбетова

Бас дәрігер

Врач терапевт

Задать вопрос Руководителю

Ермаханбетова Мадина Сейфуллаевна 04.04.1971 ж. ОҚО, Төлеби ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келдім. ҚР азаматы. Қазақ. Отбасылы. Отбасымда 5 ұл-қыз тәрбиеленеді. 1978 -1988 ж.ж. аралығында Қасқасу ауылында В.В.Куйбышев атындағы орта мектепте оқып, үздік аяқтап шықтым. 1988-1994 ж.ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтап шықтым. 1994 жылы шілде, тамыз айларында Шымкент қ. жедел жәрдем көрсетуауруханасында дәрігер терапевтмамандығымен интернатурадан өттім. 1994 жылдың тамыз айында Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының № 1 подстанциясына линия дәрігері болып жұмысқа қабылдандым. Сол подстанцияда кардиологиялық бригада, қарқынды ем көрсетубригада дәрігері болып 2007 жылға дейін қызмет атқардым. 2007 жылы ақпан айындаТөлеби аудандық ауруханасының жедел жәрдемжәне қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне жұмысқа қабылдандым. 2007 жылдың қараша айында Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2014 жылдың 1 тамызында Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалдым. 2018 жылдың 10 сәуір айынан бастап«Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» МКК бас дәрігері қызметіне тағайындалдым. Кәзіргі таңға дейін сол қызметті атқарудамын.

Еңбек жолында алған марапаттарым: облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттары; облыстық, аудандық маслихаттың қызмет грамоталары; аудандық, облыстық «НурОтан» партиясының мақтау грамоталары; облыстық денсаулықсақтау басқармасының құрмет грамотасы; ауыл әкімдігі, облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен марапатталдым. 2004 жылы «Гордость экономики» орденімен ұлттық бизнес рейтинг одағының алтын құрмет белгісімен, ҚР ОҚО «Qurmet-AB»қоғамдық бірлестігінің «Ерең еңбегі» үшін медалімен, 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы Кеңес төрағасының «почетный знак героя энциклопедии «Лучшие люди»» төсбелгісімен, облыс әкімдігінің «елеулі еңбек үшін» төсбелгісімен, 2016 жылы Төлеби аудандық әкімдігінің «Жыл үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы« ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгісімен, 2016 жылы Денсаулық саласындағы «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2017 жылы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және 2018 жылы «Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігі күні» мерекесіне орай қалалық, аудандық маслихаттың «Ерен еңбегі үшін»медалімен марапатталдым.

2016 жылдан бері Төлеби аудандық маслихаттың № 5 округ депутатымын.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Центр гипербарической оксигенации имени Т.Орынбаева"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, улица Жумадилла Алдияров, здание 60А

orinbaeva@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 57-14-24
Медициналық мекеменің байланыс орталығы