about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Сақтандырылмаған қазақстандықтар қандай медициналық көмекке сенім арта алады

Бүгінгі таңда Қазақстанда 15,3 млн адам немесе 80,1 %…

13, Желтоқсан 2021

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 15,3 млн адам немесе 80,1 % сақтандырылған болып табылады. Сонымен қатар 3,8 млн адам немесе халықтың 19,8%-ы сақтандырылмаған мәртебеде қалып отыр. Бірақ өзінің мәртебесіне қарамастан, азаматтардың бұл санаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге де сенім арта алады.

Сақтандырылмаған азаматтар сенім арта алатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) не кіреді:

  1. Жедел жәрдем қызметтері;
  2. Белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін жедел медициналық көмек;
  3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:

1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;

4) иммундау (вакцинация);

5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар;

7) босанғаннан кейінгі кезеңдегі және жүкті әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

  1. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы, диагностикасы;

2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;

3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.

  1. Стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек:

1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі емделулер;

2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан жалпыға бірдей үйдегі стационардың қызметтері;

3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі емдеу.

  1. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;

4) жоспарлы тәртіпте.

  1. Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеуде;

2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

  1. Паллиативті медициналық көмек;
  2. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
  3. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;
  4. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту;
  5. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;

 

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Центр гипербарической оксигенации имени Т.Орынбаева"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, улица Жумадилла Алдияров, здание 60А

orinbaeva@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 57-14-24
Медициналық мекеменің байланыс орталығы