about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Айдын Ашуев ӘМСҚ медициналық көмектің сапасын қалай ынталандыратынын айтып берді

Қор басшысы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде  МӘМС жүйесі…

19, Қыркүйек 2022

Қор басшысы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде  МӘМС жүйесі жұмыстарын жетілдіру бойынша жоспарларын айтты. Қор жүйенің басқа қатысушыларымен – уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен және тікелей медициналық ұйымдармен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларды шешудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеуде. 

 

Айдын Ашуев атап өткендей, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қор деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйені әзірледі және сынақтан өткізуде.

Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Екіншіден, сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді (учаскелік дәрігердің қабылдауынан бастап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуға дейін)», – деп Қор басшысы әзірленген ақпараттық жүйенің маңыздылығын түсіндірді.

Сондай-ақ, Айдын Ашуев Қордың медициналық қызметті алу фактісін растау үшін жеке верификация тетігін енгізуге ниетті екенін айтып берді.

«Ары қарай дәл осындай механизм медициналық көмектің сапасын бағалау үшін де қолданылады. Осылайша, адамдар қандай қызметтерді алғандарын және қандай мөлшерде алғанын көретін болады, ал Қор көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу кезінде осыны ескеретін болады», – деп спикер жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, Қор басшысы пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы бойынша сұрақтарды атап өтті.

«Азаматтардан шағым түскен кезде, олардың көпшілігін медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтері деңгейінде, осы бөлімшелерде жүйелі жұмыс болған кезде шешуге болатындығын байқаймыз.              Осыны ескере отырып, медициналық ұйымдармен бірлесіп ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына жүйелі тәсілдер пысықталуда», – деп айтты А.Ашуев.

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін жалпы проблемаларды шешу үшін медициналық ұйымдардағы менеджмент деңгейін арттыруға, жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық базаны, медицина кадрларын жаңартуға қосымша қаражат тартуына жүйелі тәсілдер қажет.

«Бұл ретте, пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін Қор көрсетілетін медициналық қызметтерді қаржыландыру бөлігінде  сапаны, қолжетімділікті арттыруды ынталандыратын және ұзақ мерзімді инвестицияларды қолдау тетіктерін енгізуді жоспарлап отыр», – деп сөзін қорытындылады Қор басшысы.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Центр гипербарической оксигенации имени Т.Орынбаева"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, улица Жумадилла Алдияров, здание 60А

orinbaeva@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 57-14-24
Медициналық мекеменің байланыс орталығы